Халықаралық деңгейдегі тапсырмалар

компьютермен тапсыратын кезде  мына батырманы басыңыз толық экранда тапсырасыз

1 / 60

Категория: PISA

Ұзындығы 1 бірлік болатын 4 сіріңкеден, алдын ала олардың біреуін екі бөлікке бөліп барлығынан тікбұрышты үшбұрыш құрастырды. Осы құрастырылған төртбұрыштың ауданы неге тең болуы мүмкін?

2 / 60

Категория: PISA

Квадрат тәрізді қағаздың бетін екі рет дәл ортасынан бүктеген. Сосын суретте көрсетілгендей үзік сызық боймен кесілген. Енді қанша дана қағаз болды?

3 / 60

Категория: PISA

Медицинада сұйық дәрі тамызғыш құралы қолданылады. Сұйық дәріні оның ілгішінің биік жағына орналастырады. Себебі неде ?

Жауабын толықтырып жазыңыз:

жауап: Қатынас ыдыстарға құйылған сұйықтар арқылы берілетін арқылы

4 / 60

Категория: PISA

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.

Сұрақ: Біздің Қазақстанда жаз кезінде масалар көп болады. Адамдарды масалар да көп шағады, неге осы ауру тіркелмейді?

Дұрыс жауабындағы бос орынды толтырыңыз.

Дұрыс жауап: Бұл ауру безгек масаларының шағуынан жұғады. Мұндай маса бізде кездеспейді. Балшық маңындағы және субтропикалық аумақта таралған.  Қазақстан қоңыржай аумағында орналасқан.

5 / 60

Категория: PISA

Егер есептің шартында өзара әрекеттесетін екі немесе барлық реагенттердің мәндері (зат мөлшері, көлемі, массассы, бөлшектер саны) берілсе, онда бұл есеп әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер тақырыбына арналған. Бұл тақырып бойынша есептерді шығару кезінде екі реагенттің мәні арқылы есептің шартында сұрап тұрған қосылыстың мәнін табу керек. Есептің жауабы мәні кіші сан болады.

918 г барий оксиді мен 112 л күкірт (VI) оксиді әрекеттескенде түзілетін тұнбаның массасы

6 / 60

Категория: PISA

үректің аяқ тіреп күшпен басатын қырын неге сыртына қарай қайырып жасайды?

7 / 60

Категория: PISA

Шаш кептіргіште электр заряды қалай қолданылады?

8 / 60

Категория: PISA

қорығы - тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық, экологиялық аймақ

Мемлекет қамқорлығына алынған. Семей облысы,     ауданы жеріңде орналасқан. 1990 ж. Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылды. Қорықтың жалпы   - 64 кв. км. Қорық құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Абай, ЗереҰлжанОспан және ШәкәрімАхатҚұдайберді, Ғабитхан молда, Шәукен бай, Еркежан зираттары т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер кешені енген. Бұлардың бәрі күрделі жөндеуден өткізілді. Облыстық, республикалық туристік саяхат жасайтын қасиетті орынға айналдырылған. 

 Жидебай -  ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен. 1885-91 ж. Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне тиген. 1891 жылы інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абай иелігіне көшкен. Қазір мұнда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді. Жидебай  материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептеледі.

9 / 60

Категория: PISA

Екі шелек суды көтеріп келе жатқан адам бірнеше адым жүргеннен соң шелектегі су шайқалып төгіле бастайды. Неге?

10 / 60

Категория: PISA

Ферменттерді ыдырату өнімі бойынша сәйкестендіріңіз:

амилаза
липаза
пепсин

11 / 60

Категория: PISA

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы. Жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу.

Ерекшеленіп тұрған табиғатқа әсер етуші факторды табу.

12 / 60

Категория: PISA

  7 «А» сынып оқушылары математика сабағында қызықты логикалық екі есеп шығарды. Оқушылардың жұмысын тексерген соң мұғалім 4 түрлі тізім жасады:

              А: бірінші есепті шығарған оқушылардың тізімі;

              В: тура бір есеп шығарған оқушылардың тізімі;

              С: кемінде бір есеп шығарған оқушылардың тізімі;

              D: екі есепті де шығарған оқушылардың тізімі.

Бұл жасалған тізімдер әртүрлі болып шықты. Осылардың қайсысы ең ұзын тізім болғанын анықтаңыз

13 / 60

Категория: PISA

Жауынқұрты, шұбалшаң - жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері енеді.

Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м болады. Дене буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Жауынқұрты көбі жер бетіне түнде, күндізгі уақыттарда, жауыннан кейін ғана шығады. Барлық денесімен тыныс алады. Көз мүшесі болмайды, алайда денесінде сезімтал жасушалар мол, сондықтан ол бүкіл денесімен сезінеді. Оның тыныс алуы мен сезім мүшесі қандай физикалық құбылысқа негізделген?

14 / 60

Категория: PISA

Диссоциацияға ұшырамайтын қосылыс

15 / 60

Категория: PISA

Берілген суреттен сүйектің құрылысын анықтаңыз

16 / 60

Категория: PISA

"Катапультта" демалудың қызықты нұсқасы бала кезінен бәріне таныс батут принципін қолданады. Тек батут, беттің керемет серіппелі қасиеттеріне байланысты ерекше биіктікке лақтыруға дайын. Аттракционда катапульта принципі арқылы келушілер аспанға жоғары көтеріледі. Алаңға көтерілгендердің барлығының қауіпсіздігін бекіту белдіктері қамтамасыз етеді. Аттракциондарда катапульт механизмі қалай жұмыс істейді?

17 / 60

Категория: PISA

Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы. Отын –табиғи немесе жасанды түрде алынатын, жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерде шикізат болып есептелетін зат. Отынның жану жылуы -1 кг отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері. 

Табиғи отынға жатпайтын түрі

18 / 60

Категория: PISA

Шарикті қаламды әр елде әр түрлі адамдар ұзақ уақыт ойлап тапқан. Америкалық Джон Луд жұмыс істеудің дұрыс принципін тапты, венгр Ласло Биро алғашқы жұмыс жасайтын модель жасады, ал жапон инженерлері толығымен мінсіз дизайн жасады. Мектепте оқушылар шарикті қаламды қолданады. Қаламды қағаз бетіне тигізіп, қолмен басқанда шарик айналу арқылы жазу түсе бастайды. Қағазға шарик арқылы сия қандай күшпен тасымалданады?

19 / 60

Категория: PISA

  1. Сөздердің байланысу түрлеріне байланысты берілген сөйлемдегі қою қаріппен берілген тіркестердің байланысу түрін анықтайтын ереже. 

Адамдардың пайдалы тамақ туралы көзқарасының өзгеруі, ғылыми технологияның дамуы – бәрі ғарыш тағамы үрдісінің ауысуына септігін тигізді. 

20 / 60

Категория: PISA

      Соңғы кездері суреттегі сияқты балаларға арналған сырғанақтарды ойын алаңдарында, болмаса үйдің ішінде де көреміз. Балаларға ойнауға арналған соң, олардың қауіпсіз болуы, жалпы өлшемдері, қандай шикізаттан жасалғаны өте маңызды. 

     Сырғанақтың геометриялық параметрлері оның қандай жастағы балаларға арналғандығына тікелей байланысты, сол параметрлердің бірі сырғанау бөлігінің көлбеулік бұрышы (әдетте 400 пен 600 аралығында).

Сырғанақ сұлбасы: А-старт бөлігі; В-сырғанау бөлігі, С-соңғы бөлігі; D-жалпы биіктігі; Е-сырғанау бөлігінің биіктігі
Ерасылдың әкесі оның 2 жастағы інісіне арнап сырғанақ алуға келді. Сатушының ұсынған сырғанағының қорабының сыртында келесі өлшемдер көрсетілген:

Бұл сырғанақ 2 жастағы балаға ыңғайлы ма? 

Жауабы:  болады

21 / 60

Категория: PISA

Айым тұрмыстық заттар дүкенінен өзіне қажетті ноутбук сатып алуды жөн көрді. Өзі компьютерлік технологияларға қатты қызығады, сондықтан қаражатын үнемдеу мақсатында ноутбукты операциялық жүйесіз сатып алды. Айым ең алдымен компьютердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қандай негізгі программалық жасақтаманы компьютерге орнатуы керек

22 / 60

Категория: PISA

Мәрмәрдан жасалған мүсіндер қышқылдық жаңбырлар әсерінен бұзылады. Мәрмәрдің - химиялық атауы кальций карбонаты.

Оқушы мәрмер сынықтары мен азот қышқылының арасындағы реакцияға зерттеу жүргізді.

СаСО3(қ) + 2HNO3(ер) = Ca(NO3)2(ер) + H2O(с) + CO2(г)

Суретте оқушы пайдаланған құрылғы көрсетілген.

Оқушы тәжірибе барысындағы өзгерістерді әр бір минут сайын жазып отырды. Нәтижесі кестеде берілген.

Уақыт/ минут Масса өзгерісі /г
0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

93.30

93.28

93.26

93.24

93.22

93.21

93.20

93.19

93.18

93.17

93.16

93.15

93.15

93.14

93.14

Не себепті уақыт өткен сайын массасы азаяды? Себебі  бөлінеді

23 / 60

Категория: PISA

Төменде шүмектен суға толтырылатын бөтелкелер көрсетілген. Сонымен қатар, бөтелкедегі судың биіктігінің уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. Бұл графиксуреттегі қай бөтелкеге сәйкес келеді?

24 / 60

Категория: PISA

Солтүстікте суықтан, ал оңтүстікте ыстықтан қорғанып, теріден жасалған киімдерді киеді. Неге? Себебін түсіндір?

25 / 60

Категория: PISA

Ұлыларды уақыттың өзі туғызады. Заманның өрті мен дерті, дауылы мен жауыны, сеңі мен селі шыңдап шынықтырады. Тарих ұзақ толғатып сирек туатын ұлылар алдына ұлы мақсат қояды. Соның мықты бір мысалы ұлт бағына туған ұлы тұлға Әлихан Бөкейханның өмірі, оның халық үшін басын бәйгеге тіккен тарихи қызметі. Қазақтың бағына біткен осы баға жетпес бағылан ұлт үшін қандай ұлы істер істегенін, бұл жолда басын бәйгеге тігіп, қаншама тар жол, тайғақ кешкенін, оның елім деп еміренген жүрегінің жалынын түрме де, темір тордың іші-сыртындағы қинау да сөндіре алмағанын, қаһарман азаматтың қайсар рухы мұқалмай, қиындық көрген сайын тас қайраққа қайралған болаттай өткірлене түскенін көзі қарақты халықтың өзі де біледі. Оны тізбелеп жатпай, сөзі мен ісінің арасында айырма болмаған кемел ойлы кемеңгердің данышпанға тән даналық ой-толғамдарын тілге тиек етпекпіз. 

Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертке соққан семсердей сөзін өзінің бүкіл саналы өмірімен ақтап шықты. «Бостандыққа қуаныңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдыр: бишараны жемеуге, партияны қойып, бірігуге, бас пайдасымен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек» деген сөздерінің астарын зерделесек ұлылықтың тағы бір ұлағатын ұға түсеміз. Бұл сәулелі сөздер Жүсіпбек Аймауытовтың: «Бұл уақыт жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт, ойланыңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» деген сөзімен рухтас, қандас. Ел қамын жеп еңіреген екі ер – Әлихан мен Жүсіпбектің ойларының егіздей ұқсастығы тегін емес, оның терең сыры – ұлт бақыты жолындағы басты бәйгеге тіккен тілек пен жүректің, іс-әрекеттің бірлігінде. Ұлт үшін жасаған еңбектері де ұлы!

Мәтіннен жоспар құруға негіз  болатын, негізгі ойды білдіретін сөйлемді табыңыз.

26 / 60

Категория: PISA

Айдана уақытының көп бөлігін компьютермен жұмыс жасауға арнайды. Достарымен сөйлеседі, түрлі кітаптар оқиды және кино көреді, ойындар ойнайды. Себебі ол қазіргі заманда ақпараттық технологияларды білу маңызды деп санайды. Айданаға денсаулығына пайдалы әрекеттер тізбесін таңдауға көмектесіңіз

27 / 60

Категория: PISA

      Наурыз мерекесінің алдында қазіргі тренд – қазақша қыздардың тақиясы көп мөлшерде сатылатынын біліп, Марат К компаниясының командасына үлкен тапсырыс берді. Команда жоспарды белгіленген уақытта орындап бітіру үшін күніне 48 тақиядан жасау керек еді. Команда күніне 56 тақияны жасап, жоспарды 2 күнге ерте орындап бітірді. Егер әр тақияны Марат тапсырыс алушыдан 1500 тг алып, инстаграмдағы онлайн дүкені арқылы 2850 теңгеден сатса, Марат қанша пайда көрді

28 / 60

Категория: PISA

«Алақай, мен жеңіске жеттім!» сөйлемінде қанша байт бар?

29 / 60

Категория: PISA

Тірі табиғат тіршілігін сақтау үшін түрін өзгертін бейімделеді. Өсімдіктер транспирация процесін төмендету үшін қалай бейімделген?

30 / 60

Категория: PISA

Термос әдетте кофе, шай, сорпа немесе салқын сусындар сияқты сусындарды тасымалдау және температураны сақтау үшін қолданылады. Олар сондай-ақ ыстық немесе суық болуы керек тағамдарды сақтау және тасымалдау үшін пайдалы. Термостың оқшаулағыш қасиеттері оны күні бойы сұйықтықтың немесе тағамның қажетті температурасын ұстап тұру үшін ыңғайлы.

Термоста температураның сақталу процесін қалай түсіндіруге болады ? 

Жауаптағы бос орынды толтыр.

жауап: Вакуум жылуөткізгіштік пен конвекция арқылы жылу берілуді

31 / 60

Категория: PISA

 

 

 

Шашақ  тамыр жүйесі мына өсімдіктерде кездеседі:

1. күнбағыс;

2. тары;

3. жоңышқа;

4. сұлы;

5. асқабақ;

6. сарымсақ

32 / 60

Категория: PISA

Табиғаттағы «Алтын қималар»

Алтын қима дегеніміз, ол кесіндінің тең емес пропорционал бөліктерге бөлінуі, мұндағы бүкіл кесінді ұзындығының үлкен бөлікке қатынасы үлкен бөліктің кіші бөлікке қатынасына тең; немесе басқа сөзбен айтқанда, кіші бөліктің үлкен бөлікке қатынасы үлкен бөліктің бүкіл кесіндіге қатынасына тең. 

Алтын қиманыңсаны (константа) периодты емес ондық бөлшек сан болып табылады. Алтын қиманың анықтамасына сүйене отырып,санының (константа) мәнін табыңыз. Жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз

33 / 60

Категория: PISA

Құстар ұшуға бейімделген, омыртқалы тіршілік иесі. Эволюция барысында олардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Тіпті қауырсындары да ұшуға икемделіп, түрлі функция атқарады. Құстар ненің көмегімен ұшу бағытын, қону кезіндегі жылдамдықты реттейді

34 / 60

Категория: PISA

Тұтас мәтінді оқып, би деп атану үшін адамда қандай асыл қасиеттер болуы керектігін көрсетіңіз.

             Шешендік – қазақ қоғамының бейбіт тынысының тамыршысы іспетті десек қателеспейміз. Ол жөнінде ұлы ғалым А.Байтұрсынов «Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді» деп баға берген болатын. Олай болса, қазақ тілінің бірыңғай халық тілі болып қалыптасуына, қазақ ауыз әдебиетінің дамуына үлес қосқан өнер иелерінің бір тобы – ақындар болса, екінші тобы – шешендер.

Сондай шешендердің бірі – Қаз дауысты Қазыбектің есімі қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші, бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмлегер ретінде мөлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек 13 жасында Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қонтажыға барып, батылдығымен, әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана қазақ елшілері тендікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып, алып қайтады. Сол жолы Қазыбек «Қаз дауысты» деген лақап атаққа ие болады. Қаз дауысты Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уәлиханов та ілтипатпен атайды. «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек салт-ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне тәлім болып отырған. Сонымен, бұл би деген атақ келіп билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге айналған» дейді.

Міне, дәл осы сыннан Қазыбек бабамыз да талай рет сыналып, қиын сәтте жол тапқан, туған халқының әспеттеуімен Қаз дауысты Қазыбек атанып, «қара қылды қақ жарған» әділ билік айтқан

35 / 60

Категория: PISA

Электролиттердің судағы ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді.  Ион алмасу реакцияларын толық және  қысқартылған иондық теңдеу түрінде жазуға болады. Толық және қысқартылған иондық теңдеулері орын алған реакция теңдеуін толық түсінуге мүмкіндік береді.

Иондық теңдеулерді жазу кезінде тұнбаларгаздароксидтер және жай заттар иондарға ыдырамайтынын ескеру керек.

Әрекеттесу кезінде тұнба түзетін заттар

36 / 60

Категория: PISA

Мейрамханада қалыңдықтары бірдей, ал диаметрлері әр түрлі пицца дайындалады. Кішісінің диаметрі 30 см, бағасы 3000 теңге. Үлкенінің диаметрі 40 см, бағасы 4000 теңге.

Тапсырма: Қай пиццаны сатып алған тиімдірек?  

37 / 60

Категория: PISA

Айдын телеарнада журналист болып жұмыс істейді. Ақпараттың барлық қасиеттері маңызды десек те, түрлі мамандық иелері үшін осы қасиеттердің бірі басқаларына қарағанда айрықша маңыздылыққа ие. Ақпараттың жекелей алғандағы бір қасиеті ерекше маңызды болатын мамандық иелері бар. Айдын үшін бірінші кезекте ақпараттың қай қасиеті маңызды?

38 / 60

Категория: PISA

Терезенің алдынан шынжыр табанды ДТ-трактор өткенде, терезе әйнегі сылдырлайды. Неге

39 / 60

Категория: PISA

Неліктен өрт сөндірушіге су атқылап тұрған өрт сөндіргіш насосты ұстап тұру қиындық келтіреді

40 / 60

Категория: PISA

Ұшақ ұшар алдында, сондай- ақ қонар алдында жоллаушылар не үшін қауіпсіздік белбеуін байлауға тиіс

41 / 60

Категория: PISA

Компьютерде терілген мақалада 8 парақ, әр парақта 40 жол, әр жолда 64 символ болса, мақаланың ақпараттық көлемін әр символ 16 битпен есептеледі деп табыңыз.

Жауабын толықтырыңыз:

Жауап: Кбайт

42 / 60

Категория: PISA

Сағат тілінің айналуының бұрыштық жылдамдығы үлкен бе, әлде Жердің айналуының бұрыштық жылдамдығы үлкен бе?

43 / 60

Категория: PISA

Жолаушы жылдамдығын 2 км/сағ-қа арттырса, 6 сағатта 36 км-ден артық жолды жүріп өтеді. Егер жылдамдығын 2 км/сағ-қа кемітсе, 8 сағатта 40 км-ден кем жолды жүріп өтеді. Жолаушының жылдамдығы қандай?

1.  42.  4>x<7 Дұрыс жауапты таңданыз: 

44 / 60

Категория: PISA

Мәтіндерде   берілген ақпараттарды оқып, екі мәтінге ортақ ойды табыңыз

Қазақ театрының ең бірінші әртісі – Әміре Қашаубаев. Мен оны архивтен көрдім. Бұйрық содан басталады. Қалибек Қуанышбаев – екінші, Елубай Өмірзақов – үшінші, Құрманбек Жандарбеков – төртінші, орталарында Серке Қожамқұлов тұр. Қапан Бадыров бір жылдан кейін келді. Сондықтан Қаллеки (Қалибек Қуанышбаев) театрында «Әміренің» қойылуында үлкен мән бар. Мен бұл театрдың өнерін М.Әуезов театры ен қатар қоямын.
(Жарқын Шәкәрім)
КСРО    халық     әртісі    Асанәлі      Әшімов:
Менің  режиссер ретіндегі ең алғашқы жұмысым «Ревизор» болса, осы спектакльдегі Земляниканың   рөлі – Серағаның соңғы  рөлі болды. Бұл кезде Серағаңның жасы 80-ге таяп қалған  еді, бас репетицияның ең соңғы күні төтеннен келіп қосылғанына қарамастан, сахнада 40 жыл бұрын ойнап кеткен кейіпкерінің бүкіл сөзін жатқа білетін болып шықты. Өкінішке қарай, бір-ақ рет ойнап үлгерді. Бірақ Серағамның менің  спектаклімде ойнап кеткені үшін ғана бақыттымын. Сәбира  апам, Хадиша апам, Бикен апам, Фарида құрдасым, Ыдырыс, Әнуар замандастарым сахнаға шыға келгенде, олармен бірге өмір ілесіп шығатын еді. Бұлар өмірден өнер жасайтын  немесе өнерден өмір жасап шығаратын.
(«Егемен Қазақстан» газетінен)

45 / 60

Категория: PISA

Мұғалім оқушыларға қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлы туралы презентация даярлауға тапсырма берді. Айша мен Айбар бірігіп интернет желісінен мағлұмат ала бастады. Айбар мен Аяжан кітапханаға жолға шықты. Алайда орталық кітапхана қаланың арғы шетінде болатын. Айша мен Айбар жұмыстарын бірінші болып қорғады. Бұл жағдайда ақпараттың қай сипатын көре аламыз

46 / 60

Категория: PISA

Жалпы экожүйе құрылымының дұрыс ретпен қойылған сызбанұсқасын тап

47 / 60

Категория: PISA

Пайдалы қазбаларды өңдеудің жағымсыз өнімдерінің қоршаған ортаға қалай әсер етуі мүмкін?

Дұрыс жауап: 

   Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болатын табиғатқа кері әсердің бірнеше пунктін бөліп көрсетсе болады:  қабатының бұзылуы, жер қыртысында бос  орындардың көптеп пайда болуы, зиянды радиоактивті элементтердің шығуы, адам денсаулығының бұзылуы

48 / 60

Категория: PISA

Алгоритмді әзірлеу барысында оны басқа нұсқаулықтардан ерекшелеп тұратын қасиеттері болады. Алгоритмнің қасиеттерін көрсет:

49 / 60

Категория: PISA

Кітап сөресін құрастыру үшін ағаш ұстасына келесі жабдықтар қажет:

1) 4 ұзын ағаш тақтай;

2) 6 қысқа ағаш тақтай;

3) 12 кішкентай бекіткіш;

4) 14 болт.

Ұстада 26 ұзын ағаш тақтай, 33 қысқа ағаш тақтай, 200 кішкентай бекіткіш және 510 болт бар.

      Тапсырма: Ұста бар материалдарды пайдаланып, қанша сөре жинай алады

50 / 60

Категория: PISA

Python тіліндегі операторларды қызметтерімен сәйкестендір

қосу
дәрежелеу
азайту
бөлу
көбейту

51 / 60

Категория: PISA

Суреттегі балдыр су қысымымен су астында тік өседі. Егер балдырды судан шығарсақ жер бауырлап, пішінсіз сипатқа айналу себебі қандай?

52 / 60

Категория: PISA

Төмендегі кестеге талдау жасаңыз:

Мүше/ бұлшықет түрі Бірыңғай салалы бұлшықет Көлденең жолақты бұлшықет
Ішек 2 4
Жүрек 1 3

            1          2            3             4   

53 / 60

Категория: PISA

      Кітап сөресін құрастыру үшін ағаш ұстасына келесі жабдықтар қажет:

1) 4 ұзын ағаш тақтай;

2) 6 қысқа ағаш тақтай;

3) 12 кішкентай бекіткіш;

4) 14 болт.

      Ұстада 26 ұзын ағаш тақтай, 33 қысқа ағаш тақтай, 200 кішкентай бекіткіш және 510 болт бар.

      Тапсырма: Ұста бар материалдарды пайдаланып, қанша сөре жинай алады?

54 / 60

Категория: PISA

Асан даладағы темір пешке қорғасынды балқытып, пішінін өзгерту үшін оны темір цилиндр сауытқа құйды. Біршама уақыттан соң қорғасын балқи бастады. Қорғасынды балқытқанда қандай физикалық процесс жүрді ?

55 / 60

Категория: PISA

Продуценттер-қоректік тізбектің бастаушысы. Қандай ерекшелігіне байланысты өсімдіктерді автотрофты қоректенуші ағзаларға топтастырды?

56 / 60

Категория: PISA

Тірі табиғатта организмдер өз алдына тіршілігін сақтау үшін сыртқы ортамен зат алмасып, қоректену аса қажет. Ал, сыртқы ортамен зат алмаса алмаған жағдайда дайын қорек есебімен, яғни паразит есебінде қоректенуге көшеді.

Сұрақ : жасуша ішілік паразитті белгіленіз

57 / 60

Категория: PISA

Суретке қарай отырып бүйректің ішіндегі кеңейген қуыс қалай аталатынын анықтаңыз:

58 / 60

Категория: PISA

Қыстыгүні бөлмеден далаға алып шыққан доп неліктен бастапқы торсиған қалпындай емес ,босап қалады

59 / 60

Категория: PISA

Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

«Қорық» сөзі өте көне, ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. «Қызыл кітап» термині жақында, бар - жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңққа ие болды. Мемлекеттік табиғи қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи эталондар,ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды , мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Қорық – бүкіл табиғат кешені табиғи күйінде сақталатын аумақтар,табиғатты қорғау формаларының бірі,онда шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді. Қорықтарды құрудың мақсаты - әртүрлі геграфиялық зоналардың жекелеген учаскелерін табиғи күйінде сақтау,жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін қорғау. Қазақстан қорықтары  жөнінен ТМД- ға кіретін республикалар арасында 16 - орын алады. Дегенмен, Республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13- орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан – байтақ Республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. Қазақстан жерінде 10 қорық ұйымдастырылған.

 

Қазақстан қорықтары  жөнінен ТМД- ға кіретін республикалар арасында нешінші орын алады

60 / 60

Категория: PISA

Наурыз мерекесінің алдында қазіргі тренд – қазақша қыздардың тақиясы көп мөлшерде сатылатынын біліп, Марат К компаниясының командасына үлкен тапсырыс берді. Команда жоспарды белгіленген уақытта орындап бітіру үшін күніне 48 тақиядан жасау керек еді. Команда күніне 56 тақия жасап, жоспарды 2 күнге ерте орындап бітірді. Егер әр тақияны Марат тапсырыс алушыдан 1500 тг алып, инстаграмдағы онлайн дүкені арқылы 2850 теңгеден сатса, Марат қанша пайда көрді?

Жауабы:  теңге

Your score is